«Салауатты ұрпақ – күшті ұлт»

13 сәуір күні «Салауатты ұрпақ – күшті ұлт» онкүндігі аясында «Денсаулық ағашы» тақырыбында жалпы мектептік саптық жиын өтті

Онкүндік барысында оқушыларды қызықты іс-шаралар күтеді: спорттық жарыстар, танымдық сағаттар, акциялар, байқаулар және дұрыс тамақтану, дене белсенділігі мен денсаулықты нығайтуға арналған кездесулер.

Осындай бастамалар мықты, белсенді және саналы ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі деп сенеміз, өйткені денсаулық — ұлт болашағының негізі!

Бізге қосылыңыздар және салауатты өмір салтын таңдаңыздар!