Шығармашылық күні
Бүгінгі күн жарқын эмоцияларға, шығармашылыққа, қиялға және көтеріңкі көңіл күйге толы болды.
Қыздар «Менің арманымдағы жаз» атты шығармашылық шеберханаға қатысып, өз қиялдарын сурет арқылы бейнеледі. Сондай-ақ көңілді би флешмобына қатысып, музыкалық викторинада бақтарын сынады. Бұдан бөлек, таза ауада қызықты қимылды ойындар мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды.
Қатысушылар барлық тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Бұл күн оларға көтеріңкі көңіл күй, ұмытылмас әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады.