«Заң мен тәртіп»

Қауіпсіздік – білімнен басталады!
Бүгін «Радуга» мектеп жанындағы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілері үшін «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында танымдық іс-шара өтті.
Балалар қауіпсіздік тақырыбындағы таныстырылымды тамашалап, лагерьде, көшеде және үйде өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсірді. Сонымен қатар қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін талқылап, ережелерді сақтаудың және айналасындағыларды құрметтеудің маңыздылығын түсінді.
Осындай іс-шаралар балалардың ұқыпты, жауапты әрі өз әрекеттеріне сенімді болып қалыптасуына ықпал етеді. Өйткені қауіпсіздік ережелерін білу – денсаулықтың, жақсы демалыстың және көтеріңкі көңіл күйдің кепілі!

 

Қосымшалар: