«Сахна сиқыры»
«Радуга» мектеп жанындағы сауықтыру алаңында «Сахна сиқыры» кино және театр күні жарқын, көңілді әрі шығармашылыққа толы өтті!
Күніміз «Эмоцияны тап және қайтала!» атты актерлік жаттығудан басталды. Балалар мимика мен қимыл-қозғалыс арқылы түрлі көңіл күйлерді бейнелеуді үйреніп, өздерінің актерлік қабілеттерін көрсетті.
Одан кейін қатысушыларды «Мультфильм әнін тап!» атты қызықты кино-викторина күтіп тұрды. Сүйікті әуендер көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балалар танымал мультфильм кейіпкерлерін қуана еске алды.
Ерекше қызығушылық тудырған «Өзіме өзім гримермін» шығармашылық алаңында балалар қауіпсіз аквагримнің көмегімен қиялдарын еркін жүзеге асырып, түрлі бейнелер жасады.
Маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады! Әңгімелесу барысында балалар қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін қайталап, мәдениетті мінез-құлық, айналасындағыларға құрмет көрсету және жеке қауіпсіздік туралы пікір алмасты.
Бұл күн шығармашылыққа, күлкіге және жарқын эмоцияларға толы нағыз сиқырлы күн болды!