“Отбасылық құндылық- отбасы жылуы” тақырыбында сынып сағаты

 

 

 

 

Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру аясында 3-сыныпта «Отбасылық құндылық – отбасы жылуы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Балалар шынайы отбасы деген не екенін, өз үйлеріндегі дәстүрлерді қызығушылықпен талқылап, жүрекке жылы отбасылық сәттерін еске алды. Сынып сағаты барысында оқушылар отбасына байланысты мақал-мәтелдерді шешіп, шығармашылық тапсырмалар орындап, үй жайлылығының белгілерін суретке түсіріп, «Отбасы ағашын» жасады.

Сынып жетекшісі: Расовская Ю.С.