"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Кеңес Одағының батыры А.С. Куница атындағы Николаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Героя Советского Союза А.С. Куницы села Николаевка отдела образования по Бурабайскому району управления Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі" тақырыбындағы жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

2025 жылдың 22 мамырында «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Кеңес Одағының батыры А. С. Куница атындағы Николаев ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде» 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыста ата-аналар алдында Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Мурзақаев А.Н. сөз сөйлеп, келесі үш негізгі мәселені көтерді:

1. Жазғы кезеңдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Шомылу маусымындағы қауіпсіздік техникасы (кәмелетке толмаған балалардың ата-анасыз су айдындарында жүруі — әкімшілік жауапкершілік).
3. Көпқабатты үйлерде балалардың терезеден құлау жағдайлары.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Малюк Е.И. келесі мәселелерді атап өтті:

1. Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шаралары.
2. «Жаз – 2025» бағдарламасын іске асыру, демалыс пен сауықтыру.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Верзунова Н.В. 5, 6, 7, 10-сыныптардың аралық аттестациясын өткізу туралы бұйрықпен және оның кестесімен, сондай-ақ 2024–2025 оқу жылының аяқталуымен таныстырды.


Текст